Меню KDT

Білімді ел

Bilimland

block2_eop.png?_=1522819530

Қаулылар жобалары

2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және  2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Утесбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан  Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі Т. Асауов