Меню KDT

Білімді ел

Bilimland

block2_eop.png?_=1522819530

ҚР Кодекстері

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын бекіту туралы

 

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8678 тіркелді

"Егемен Қазақстан" 26.09.2013 ж. № 220 (28159); "Казахстанская правда" от 26.09.2013 г. № 282 (27556);

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 251-255 (26100) санында жарияланған);

2) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6952 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 356-357 (26751) санында жарияланған).

3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   Министрдің міндетін атқарушы М. Орынханов

 

«КЕЛІСІЛДІ» 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

міндетін атқарушы

___________ Е. Егемберді

2013 жылғы 5 тамыз 

 

 

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағыN1567 Жарлығы

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне жәнеiскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшiжойылды деп танылсын:

  1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағыN328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж.,N2, 16-құжат);

 2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағыN328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағыN866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж.,N14, 137-құжат).

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N1567 Жарлығымен бекiтілген 

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі
(Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)

  Ескерту. Ар-намыс кодексі жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N1180 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі - Кодекс) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.
   Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.

 2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары

 

 5. Мемлекеттік қызметшілер:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
4) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
5) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
6) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
7) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
10) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
11) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
12) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
13) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
14) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
15) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
16) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
17) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
18) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге;
19) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
20) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
21) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
22) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға тиіс.
   Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
6. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.
7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасысын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

 

8. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
9. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
   Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
10. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
   Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
11. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.
12. Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.
13. Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.
14. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

4. Көпшілік алдында сөйлеу

 

15. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
16. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
17. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.
   Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2013№ 651 Жарлығымен.

5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы

 

 19. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
   Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2013№ 651 Жарлығымен.
20. Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс.
 
 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 566-IV Заңы

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 6, 45-құжат; "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 1 наурыздағы № 78 (27150), 2012 жылғы наурыздағы № 79-80 (27152); "Казахстанская правда" от 1.03.2012 г. № 60 (26879)

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

   1-бап. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

 

1) мазмұнында:
58, 59 және 61-баптардың тақырыптарындағы «тоқтату» деген сөз «тоқтату негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;
101-баптың тақырыбында «Жыл сайынғы» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
108-баптың тақырыбындағы «немесе ұзартудың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жүз елу үшінші, жүз елу төртінші, жүз елу бесінші, жүз елу алтыншы, жүз елу жетінші, жүз елу сегізінші және жүз елу тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«10-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі
138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
138-2-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы
138-3-бап. Ұлттық біліктілік шеңбері
138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері
138-5-бап. Кәсіби стандарттар
138-6-бап. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау»;
185-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«185-бап. Еңбек шартын тоқтатуды шектеу»;
мынадай мазмұндағы екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші, екі жүз елу екінші және екі жүз елу үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жағдайлары»;
27-тараудың тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
254-баптың тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үш жүз алпыс алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау»;
мынадай мазмұндағы үш жүз сексен тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия)»;