Меню KDT

Образованная страна

Bilimland

block2_eop.png?_=1522819530

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

 

 

1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;

2. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;

3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау; 

4. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі  (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

5. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына  қатысу үшін құжаттарды қабылдау;

6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелеткетолмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;

7. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

8. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;

9. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау;

11. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;

12. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

13. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен  тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну;

14. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;

15. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

16. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

17. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;

18. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

19. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою;

20. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

21. Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру;

22. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

23. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау.